29.02.2024, 23:31
Оқылды: 47

Қаратөбе ауданында «Қазақтың Қадыры» атты деректі фильмі көрсетілді

«Қазақтың Қадыры» атты деректі фильмі облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, тілдерді  дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 2023 жылдың қазан айында Алматы қаласында түсірілді.  

Қадыр Мырза Әлі 1

Қаңтар айының 5-сі күні облыстық теледидардан телевизиялық  тұсауы кесілді. Ал, қаңтар айының 24-і күні біздің орталықта тұсауы кесіліп, облыс аудандарының халқына таныстырылым басталып кетті.  Қаңтар айының  25-і күні Ақсай қаласында, бүгін Сырым, Қаратөбе аударында жалғасын тауып жатыр.

Қадыр Мырза Әлі 4

Сонымен қатар желтоқсан айы «Қадыр айлығы» деп жарияланып, «Қадыр қазына» деген  жоба өмірге келді. Аталмыш жоба аясында алты бірдей байқау өтті. Алдыменен «Ел қамы» көркемсөз оқу байқауы, «Бұлбұл» атты композиторлар байқауы, «иірім» атты, және «Күміс қоңырау» атты аймақтық театрлар фестивалі өткен болатын. Сол байқаулардың нәтижесінде «Бұлбұл бағы» композиторлар байқауында 21 композитор бақ сынады. Қадыр ақынның  21 өлеңі әнге айналды. Солардың бірегейі бас жүлде және бірінші орын иегерлері  жаңа осы сахнада өнер көрсетті.   «Күндер-ай»  байқауында   19 әнші ақынның 19 әнін жарыққа шығарды. Қадыр атамыз 200-ден астам әнге сөз жазған. Қазір 20-ға жуық әндері танымал.  Әншілер байқауын өткізудегі біздің мақсатымыз  әндер қатарын көбейту. Ақынның  «Күндер-ай» кітабындағы барлық өлеңдерін әнге айналдыру мақсатында қолға алынды. Ағымдағы жылы ақынның  90 жылдығы қарсаңында  облыс әкімдігінің қолдауымен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және  Республикалық «Қадыр оқулары 2024» байқауы  өтеді. Байқау екі контигентке бөлінген. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері арасында және мектеп оқушылары арасында. Осындай үлкен жоспарларымыз бар.

24 қаңтарда Мұнайдар Балмолданың  осыдан 5-6 жыл бұрын жазылған «Кітапқа бай үй» деген қойылымын сахналадық.  Қойылымда бала Қадырдан дана, дара, абыз Қадырға дейінгі барлық өмірі көрсетілді. Бір сағаттық қойылымды орталығымыздың кәсіби емес қызметкерлері актер болып қойылымда ойнап шықты. Басты рөлде ақынның қария, абыз шағы мен жігерлі жастық шағын Қ.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлері, ал бабалық шағын «Ел қамы» -атты көркемсөз байқауының жеңімпазы болған бала сомдады. Осындай атқарып жатырған жоспарлы жұмыстарымыз бар.

Қадыр Мырза Әлі 8

Қасиетті Қаратөбенің Қадыр ақынға бөтендігі жоқ. Ескендір аға мен Қадыр атамыз айырықша мәнді «Атамекен» әнін атамекенге жеткізді. Киелі Қаратөбенің жұртшылығына шынай алғысымды білдіремін.

Серік Тоқмамбетов,

Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале