19.01.2026, 18:00
Оқылды: 42

Қаратөбе ауданында маңызды мәселелер талқыланды

Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен алқалы жиналыс оздырылды.

Алқалы жиын (4)

Аталмыш жиынға аудан округтерінің әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібіне сай «2025 жылы ауданға тартылған жеке инвестиция және 2026 жылға инвестиция тарту жоспары туралы» - аудан әкімінің орынбасары  М. Шайжановтың, «2025 жылғы әскер қатарына шақырту жұмыстары және 2026 жылға арналған жоспарлы жұмыстар туралы» аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бөлімше бастығы, аға сержант С.Мұхамбетовтың,  «Аудан бойынша  «Д» және «Е» санатындағы отбасыларымен атқарылған жұмыстар туралы» - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Б.Бердіғалиевтің, «2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары, іс-шаралар, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы» - аудан әкімі аппаратының басшысы  Д.Жәнібековтың баяндамалары тыңдалды.

Алқалы жиын (2)

Баяндамашы аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Мерекеұлы  өткен жылы аудан бойынша   инвестиция тарту жұмысы деңгейінің төмен болғандығын, ағымдағы жылға ауданға инвестиция тартуға 11 млрд. теңге қаражат бөлініп отырғанын, оны игеру жолында  жүргізілетін жоспарлы жұмыстарды ұйымдасыртуда үлкен жауапркершілік қажеттігін алға тартса, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бөлімше бастығы, аға сержант  С.Мұхамбетов әскерге шақырылатындардың тиісті орынға уақытында келу тәртібі округтер бойынша орындалмай отырғанын айтып, алдағы уақытта округ әкімдерінің  бұл өзекті мәселеге жете мән берулері тиіс екендігін жеткізді.

Жиын барысында аудандық орталық аурухананың директоры Жасұлан  Кәдірханұлы көптің көкейінде жүрген бүгінгі өзекті мәселелердің бірі МӘМС-ке қатысты аурухана есебінде «Е» санатында тұратын науқастарды бюджет есебінен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркеу мәселесін қойды.

Аудан бойынша өткен жылғы жұмыс жоспарларының, іс-шаралардың және аудан халқымен кездесулер барысында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған мәселердің орындалуы және орындалмай қалған мәселелерді аудан әкімінің аппарат басшысы  Д. Жәнібеков баяндады.

Алқалы жиын (1)

Алқалы жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы: «Өткен жыл өтті, енді жаңаша, үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасайтын уақыт жетті. Алда тұрған міндеттер мен тапсырмаларды орындау жолында көптеген жұмыстар тұр. Округ әкімдері мен бөлім басшылары жоспарға сай атқарылатын  жұмыстарды бірлесе тиянақты жүргізулеріңіз қажет, - деді әр жиналыста қызмет барысында үлкен жауапкершілік қажет екендігін назарға салып отыратын аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

 

                                                      Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале