20.02.2026, 14:30
Оқылды: 73

Қаратөбе ауданында республикалық референдумға дайындық қарқынды жүргізілуде

Қаратөбе ауданында 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық жұмыстары жоспарлы түрде және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде жүргізілуде. Референдум тағайындалған күннен бастап аумақтық референдум комиссиясы алғашқы отырысын өткізіп, комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттерін нақтылады. Тиісті бағыттар бойынша жауапкершілік бөлінісі бекітіліп, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық дайындық, учаскелік референдум комиссияларының қызметін үйлестіру, әдістемелік көмек көрсету және комиссия мүшелерін оқыту бағыттары бойынша нақты іс-шаралар жоспары айқындалды.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 13.58.00

Аудан бойынша республикалық референдумда 19 учаскелік референдум учаскесі жұмыс істейтін болады. Барлық учаскелер материалдық-техникалық жағынан толық дайын. Сондай-ақ учаскелерде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалып, кедергісіз орта талаптары қамтамасыз етілген.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 13.57.59 (1)

Қазіргі уақытта Орталық референдум комиссиясы бекіткен референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспар аясында негізгі іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аудандағы референдум комиссияларының құрамы мен шекаралары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланды.

WhatsApp Image 2026-02-20 at 13.57.59

Халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан көшелеріне ақпараттық баннерлер ілініп, әлеуметтік желілерде Орталық референдум комиссиясының үндеуі, бейнероликтер мен статикалық инфографикалар жариялануда. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы телеэкрандарда анимациялық инфографикалар көрсетіліп, радио нүктелері арқылы арнайы аудиожазбалар таратылуда.

Референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру бағытында жүйелі оқыту жұмыстары басталды. 18 ақпанда Орталық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық референдум комиссияларының мүшелері «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі арқылы білімдерін жетілдіріп, тест тапсырды. Алдағы уақытта электоралдық оқыту жоспарына сәйкес аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері кезең-кезеңімен оқытылып, тестілеуден өтеді.

Қаратөбе аудандық аумақтық референдум комиссиясы республикалық референдумды қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтай отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді басты міндеті деп санайды.

Бақытжан Жүсіпқали,

Қаратөбе ауданының аумақтық референдум комиссиясы төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале