22.12.2023, 11:15
Оқылды: 18

Қаратөбе ауданында жаңа аллея ашылды

Қаратөбе ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай аудан орталығында жаңа аллеяның ашылу салтанаты өтті.

к (1)

Аудан мерейтойына арналып ашылған тынымбаққа өрнектас төселіп, көше шамдары орнатылып, серуен құрған жұрт демалатын арнайы орындықтар қойылған.

к (3)

Орталық алаңға көрік беріп тұрған аллеяға Қаракөл ауылдық округінің Аққұдық деген жерінен алынған жұмыр тас орнатылды. Ауданымыз географиялық жағынан таулы-тасты аймаққа жатпаса да, бұл жұмыр тас ғасырлар бойы жерасты құбылыстарының әсерінен тұтасып, ажырамастай біріккен. Осы жұмыр тастың орталық аллеяға орнатылуы қаратөбеліктердің жарқын болашағы үшін тәуелсіз ел болу жолында бірлігі мен тұтастығын, татулығын дәріптеуге шақыратындығынан хабар береді.

к (2)

 Аллеяның ашылу салтанатында ауданымыздың еңбек ардагерлері Орынғали Ермекқалиев пен Хамит Карманов лентасын қиды.

к (4)

Ауданның 95 жылдығына арналған игілікті шараның ашылу салтанатында мерейтой қонақтары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды.

к (5)

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале