11.02.2021, 18:39
Оқылды: 20

Қаратөбе ауданының әкімі тікелей эфир арқылы есеп берді

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың халыққа есеп беру жиыны санитарлық-эпидемилогиялық ахуалға байланысты онлайн форматта өтті.

 Ак0

Тікелей эфир арқылы өткен есептік кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев және аудан тұрғындары қатысты.

Ел алдында Қаратөбе ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттер туралы аудан әкімі Жанат Асылханұлы баяндады.

Аудан басшысы Ж.Асантаев өз баяндамасында ауданның бюджеті, ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жүйелі жұмыстарды баян етті.

Жүзеге асқан игі істермен қатар, ауданның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелеріне де кеңінен тоқталған аудан басшысы Ж.Асантаев өз баяндамасында 2021 жылы және алдағы жылдарға жоспарланған ауқымды жұмыстар жөнінде де мәлімет берді.

 

«Қаратөбе өңірі»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале