Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аудан активінің жиыны өтті. Актив жиынында екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе 2026 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында жасалып жатырған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Шайжанов баяндама жасады.
– 2026 жылға Қаратөбе ауданы бойынша төтенше жағдайлар резервіне 45,0 млн теңге қаралды, бұл аудан бюджетінің 1,9 пайызын құрайды.
Ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен 19 қар шығару орыны заңдастырылып, аудан бюджетінен 8,5 млн.теңге қарастырылып, биылғы жылы ақпан, наурыз айларында Қоржын ауылынан – 5430, Қаратөбе – 9120, Қарақамыс ауылынан – 1500, Сулыкөл ауылынан – 1400, барлығы 17 450 шаршы метр қар қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігердің техникалары арқылы су тасқыны кезеңінде кезекшілік ұйымдастырылады. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан 31 су өткізгіш құбыр тазаланды, Қаратөбе ауылында ауылішілік 62 су өткізгіш құбыр қараша айында қоқыстан тазартылып, ауыздарын бітеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың 12 наурызы күні аудан мекемелерінің қызметкерлерімен сенбілік ұйымдастырылып, арықтар мен су өткізгіш құбырлар тазартылып, ашылды, - деді Мұхтар Мерекеұлы.

Отырыста қаралған екінші мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына, округ әкімдеріне тапсырмалар берді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы