27.03.2020, 17:03
Оқылды: 55

Қаратөбе имамы жұмада Құран-хатым оқыды

Жаһанды жайлаған коронавирус індеті еліміздің бірнеше қаласын шарпып, 120-дан аса адам жұқтырып үлгерді.

FE7600B9-C4A1-431C-BB17-17D85711052B

Аталмыш вирусты жұқтырғандар қатары артып келеді. Осы дертті дүние жүзі пандемия деп тануына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Бұл нәубетке қарсы тұру бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы имам-молдаларды үздіксіз Құран хатым оқуға үндеген болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажыға үн қосып, Қаратөбе аудандық мешітінің имамы Әділжан Бекқазиев жамағатпен бірге аудан халқының амандығын тілеп, Құран хатым оқыды.

«Құран хатым» - Құранды бастан-аяқ оқып шығу. Құранның қай сүресі, қай аяты оқылса да оқыған адамға сауап жазылады. Ибн Масғуд (р.а.): «Кімде-кім Құранды күндіз хатым етіп оқыса, сол күні періштелер кешке дейін оған салауат айтып тұрады. Ал енді кім Құранды түнде хатым етіп оқып шықса, таң атқанша періштелер оған Алладан жарылқау тілеп шығады»,- деген.

- Аудан тұрғындарының игілігі үшін «Бәләд» сүресін оқып, құлшылық етіп, тілек еттік. Мешіт жамағатымен қосылып, алдағы уақытта тағы да Құран хатым түсіріп, аудан жұртшылығының разылығы үшін дұға тілемек ниетіміз бар,- дейді аудандық мешіт бас имамы Әділжан Төлеубайұлы.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале