13.05.2021, 2:13
Оқылды: 13

Қаратөбе мен Сырым аудандарының шекарасында бірлескен оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

20210513_021052

Сырым және Қаратөбе аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдері далалық өрттер мен құрғақ шөптің жануын сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында, Қаратөбе, Сырым аудандарының шекарасында ерікті өртке қарсы құрылымдармен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды.

20210513_021039

Жаттығу барысында, далалық жанулар мен өрттерді сөндіруге бейімделген техникалармен жабдықталған еріктілердің дайындық сапасы, өрт сөндіруді ұйымдастыру мен бірлескен іс-қимылдарына басты назар аударылды.

Сырым ауданы ТЖБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале