Баспасөз мерзіміне орай алғашқы сапар Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылдық округінен басталды.
Газет редакторы Бекжан Тұрсынғалиұлы әуелі ауылдық округ әкімі аппараты және мәдениет үйі қызметкерлерімен, содан соң Қалдығайты мектебінің ұжымымен кездесті.
Бекжан Қойшекенов округте өткен кездесулерде ауыл тұрғындарын облыстық аға басылымдар және төл басылым «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылу мәселесіне тоқталды.
Ауыл әкімі Бағдат Зайнуллин берілген межеге сай баспасөзге жазылу жылда өз деңгейінде жүргізіліп келе жатырғанын, сонымен қатар алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына облыстық газеттермен бірге ауданның төл басылымы «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылуға округ тұрғындарының белсене атсалысатындығын жеткізді.
Қалдығайты орта мектебінің мұғалімі Айнагүл Қызғожина жылдағы дәстүрге сай мектеп ұжымы облыстық қос газет пен аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне ұжым болып ұйымшылдықпен жазылатындықтарын айтты.
Округке барған сәтімізде ауылдық мәдениет үйінде ұлттық дәстүрді насихаттау бағытында асық ойыны жүріп жатыр екен. Жүргізуші тәлімгер аталмыш ойынның «Ат жарысы» деп аталатынын айтты. Содан соң мәдениет үйі алдында «Ашамай» дәстүрлі іс-шарасы жалғасын тапты.
Ауыл тұрғыны Алтынбек Рахметовтың ұлы Нұриманның «Ашамайға» отыруы дүбірлі өтті.
Ашамай тойында ұлды атқа отырғызу сол елдің шабандоз, әрі көкпаршысы, елдің сыйлы азаматы Мұратбек Айсаұлына ұсынылды. Сонымен қатар ашамайға отыратын баланың ат көрпесін анасы өз қолымен дайындап, балаға бата беріліп, өз жұрты, нағашы жұрты, түп нағашылары Нұриманның тәрбиеленіп жатқан «Балапан» балабақша ұжымы шашу шашып, Нұриманға өз жұрты тұмар тақса, нағашы жұрты үкі тақты.
Той Сулыкөл ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен көркемделіп, қазақтың ойындары «Бес асық», «Көтермек», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Ат жарысы» ойындары өітп, жарыс жеңімпаздары марапатталды.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz