10.08.2018, 10:00
Оқылды: 68

Қаратөбе өңірінде – дүбірлі той

Бүгін таңмен Қаратөбе ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы шақырылған қатысушы меймандар мен жерлестер қасиетті  Қаратөбе өңіріне келіп жетті.

қаратөбе

         Меймандарды аудан әкімі Жанат Асантаев бастаған топ құрметпен қарсы алып, қазақы салтпен ақ дәм ұсынып, әннен шашу шашылды.

           Айта кетейік, мерейтойдың алғашқы күні «Туған жерге бір себің тисе, сен де бақыттысың!» атты алыс-жақын шетелдерде, еліміздің аймақтарында жүрген ел азаматтары Жерлестер форумында бас қосып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында салынған нысандардың ашылу саланатына қатысады.

         Мерейтой аясында облысымыздың таңдаулы айтыскерлері 90 жылдық тарихы бар мекенді жырға қоспақ.

         Алтын бесік туған жеріміздің гүлденуі мен көркеюіне атсалысқан, елге жанашыр азаматтарды марапаттауға арналған «Жомарт жүрек» меценаттар форумы өткізіледі.

         Сонымен қатар, қаратөбеліктер өнер жұлдыздарының мерекелік концертін тамашалайтын болады. Ертең ауыл іргесіне ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, аламан бәйге, ұлттық спорттық ойындар қазақша күрес, теңге алу, аударыспақ сынды дала қызықтарымен жалғасады.

Райымбек АБАЕВ, 

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале