Қаратөбеде көктемгі еріген қар суының алдын алу мақсатында жалпы сенбілік шарасы ұйымдастырылды.

Сенбілікке барысында аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері қатысып Қаратөбе, Шөптікөл және Темір ауылдарындағы 56 су өткізгіш шұмектерді қардан тазартты.
Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында көктемгі еріген қар суы ағысының жолдарын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікте 100-ге жуық мекеме қызметкерлері, 1 жүк тиеуші, 1 трактор жұмылдырылып көше қарларын арнайы орындарға апару жұмыстарын жүргізді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы