1.03.2022, 16:40
Оқылды: 78

Қаратөбеде Алғыс айту мерекесі аталып өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Айтулы мерекеде аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Алғыс (2)

– Алғыс айту күні көктемнің шуақты алғашқы күнінен басталады. Бұл айрықша мерекенің белгіленіп,аталып келе жатқанына 6 жыл толып отыр. Ауданымызда өзге ұлт өкілдерінен 19 отбасы тұрақты еңбек етуде. Олар аудан халқымен етене араласып, қазіргі таңда қазақ тілін еркін меңгеріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ұстанып, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Біз үшін татулық пен келісімнен асқан құндылық жоқ.Алғыс айту күні біз бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметімізді арттыра түсеміз. Алғыс айту күні елдің ынытымағын арттыратын айтулы күн, – деді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.

Ауданымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері Омар Хасинов, Аида Қаныбекқызы, Ранида Рафихқызы сахнадағы экран арқылы қазақ еліне жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізді.

Салтанатты шара аудандық мәдени - демалыс орталығы көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

                                                                   Ерболат Мырзағұлұлы,

                                                                      Қаратөбе ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале