17.07.2024, 19:50
Оқылды: 141

Қаратөбеде ардагерлер арасында жарыс өтті

Бүгін «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен аудандағы зейнет жасындағы спортшылар арасында спорттық ойын түрлері дойбы, шахмат, бильярд, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

AD087E75-DA93-4B70-9AE5-5A0FC96908C9

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан және Қаратөбе ауылының ардагері Самат Исполов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы аудан ардагерлеріне сәттілік тіледі.

Ардагер спортшыларды ойындар тәртібімен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Шүрмен таныстырды.

Аға ұрпақ өкілдері арасындағы тартымды ойындар нәтижесінде шахматтан алдына жан салмаған сулыкөлдік ардагер ұстаз Жеңіс Қуанышкереев І орынды жеңіп алса, шөптікөлдік Самат Исполов пен жусандыойлық Ертілек Құсанов ІІ және ІІІ орындарды иеленді.

Тоғызқұмалақтан І орынды егіндікөлдік Атақ Иманғазиев алса, жүлделі ІІ орын саралжындық мақсот Нүрекешовке бұйырды.

Үстел теннисінен жусандыойлық Ертілек Құсанов жеңімпаз атанды. Аталмыш ойында ІІ және ІІІ орындарды саралжындық Марат Кенжеғалиев пен қаракөлдік Мереке Әбден қанжығаларына байлады.

Дойбыдан ардагер ұстаз, қаратөбелік Бейбіт Сағынғалиев ойын жеңімпазы атанса, ІІ жүлделі орынды шөптікөлдік ардагер Үмбетқали Бақтығалиев иеленді. ІІІ орын саралжындық Азат Кереевке бұйырды.

Бильярдтан шебер ойын өрнегін көрсеткен Батырбек Сүлейменов жарыс жеңімпазы атанды. ІІ орынды қаратөбелік Сайлау Сарестеков иеленсе, ІІІ орын егіндікөлдік Сәбит Ғазиевке бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дәрежелі дипломдар және медальдармен марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден жүргізді.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале