10.11.2025, 17:00
Оқылды: 202

Қаратөбеде «As Time» асханасы ашылды

Қаратөбе ауданында тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысан «As Time» отбасылық асханасы өз жұмысын бастады.

577795968_4245204165755019_866858469279805003_n

Аудан тұрғыны, жеке кәсіпкер Ербол Нұрмағамбетов жетекшілік ететін ЖК «Нұрмұхан» ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында қоғамдық тамақтану орнын іске қосты.

578265940_4245204242421678_2268882099458729020_n

Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 млн теңге несие алып, өз қаражатынан 15 млн теңге қосып, жалпы құны 20 млн теңгені құрайтын жобаны жүзеге асырды. Соның нәтижесінде жаңа нысан ашылып, екі тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.

577423625_4245204192421683_5276380396726700996_n

Нысанның ашылуында сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев кәсіпкерді құттықтап, мұндай жобалардың ауыл экономикасына тигізер оң әсерін атап өтті.

–  Ауылымызда жаңа кәсіп нысандарының ашылуы – тұрғындардың жұмыспен қамтылуына, сонымен қатар сервистік қызметтердің дамуына жол ашады. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, бизнес бастаған жас кәсіпкерлердің көбейе беруіне тілектеспін, — деді аудан әкімі.

577385198_4245204222421680_3032836821449712324_n

Кезегінде сөз алған жеке кәсіпкер Ербол Берікұлы өз алғысын білдіріп, жобаны жүзеге асырудағы мақсаттары мен болашақ жоспарлары туралы айтты.

–  Бұл істі бастауымыздағы мақсат – ауыл тұрғындарына жайлы, сапалы қызмет көрсету және жаңа жұмыс орындарын ашу. Қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс айтамын. Алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз, -  деді Ербол Берікұлы.

578265502_4245204199088349_6122030810641799756_n

Нысанның лента қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы мен Ербол Берікұлы бірге жүргізді.

 

Р. Абай,

Қаратөбе ауданы

577821362_4245204215755014_3870827744632223021_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале