26.10.2018, 17:43
Оқылды: 42

Қаратөбеде «Ашық әкімдік» шарасы жалғасуда

Қаратөбе ауданының Қоскөл, Егіндікөл ауылдық округтерінде «Ашық әкімдік» шарасы және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

IMG_6922

Ауыл халқымен жүздесуге барған аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар ауылдық округ тұрғындарын қабылдады.

Бұқара халық көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелері туралы кеңсе табалдырығын тоздырмай, түрлі мекеме басшыларына бір уақытта жолыға алды.

         Қабылдауда болған ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселе, Шалғын ауылына қатынайтын жолды тегістеу, шағын несие алу турасында сауал қойды.

Түс ауа аталмыш шара Егіндікөл ауылдық округінде жалғасын тапты.

Қабылдауда болған ауыл тұрғындарының басым бөлігі жұмысқа орналасу, ұялы телефон байланысын жақсарту және ғаламтор жылдамдығын арттыру, шағын несие алу сынды өтініштерін айтты.

Қабылдауға келген тұрғындарға аудан әкімі Жанат Асантаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев, бөлім басшылары мен жауапты мамандар ауыл тұрғандарының көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, кеңес берді.

 

IMG_6931

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале