Қаратөбеде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қаратөбе ауданы әкімдігінің қолдауымен «Асық ату» және «Бес асықтан» жастар мен ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Қаратөбе ауданының әкімі Қадіржан Орынбасарұлы сөз алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар БҚО-ның «Асық ату» федерациясының президенті Айнұр Төлегенқызы, Қаратөбе спорт клубының МКҚК-ның директоры Бауыржан Серікұлы, БҚО-ның «Асық атудан» аға жаттықтырушы Ержан Спортоұлы және облыстың асық ату бөлімінің жаттықтырушылары қатысты.
Аталмыш чемпионатқа облыс аудандарынан алты команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысында асық атудан I орынды Сырым ауданы жеңіп алды. Ал II орын Шыңғырлау ауданына бұйырса, III орынға Ақжайық ауданы ие болды.
Бес асықтан I орын Бөрлі ауданына, II орын Бәйтерек ауданына, III орын Қаратөбе ауданына бұйырды.
Жекелеген аталымдар бойынша «Үздік ойыншы» Ш. Жолдыбаева (Шыңғырлау ауданы), «Сұр мерген» Ж. Батырбаев (Қаратөбе ауданы),
«Үздік жаттықтырушы» атылымымен Ғ.Жайсултанов (Сырым ауданы) марапатталды.
Райымбек Абайұлы