12.07.2017, 16:08
Оқылды: 43

Қаратөбеде бақылау камералары көбейді

каратобе  Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жоспардан тыс отырысы өтті.

  Комиссия отырысына Қаратөбе ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, террористік тұрғыдан осал объектілер басшылары қатысты.


- Аудандық террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына кірген білім беру нысандарында 110 бейнекамера орнатылды. Сонымен қатар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өтетін нысандарында 13 бейнебақылау камерасы қойылып, бақылау қондырғысы тиісті деңгейде орналастырылды.

Осал объектілер қатарына кірген мекемелерде күзет жұмысын бәсекелестік ортаға беру жұмыстарында аудандық білім беру бөлімі бойынша 11 нысанда 6 маусымнан бастап күзет жұмысына «Ястреб» ЖШС өз жұмысына кірісті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана күзет жұмысын бәсекелестік ортаға беруде ашық конкурс өткізіп, мамыр айынан бері «Батыс-Күзет» ЖШС жұмыстануда, - дейді аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, жұмыс тобы хатшысы Махамбет Қажыгереев.
Отырысқа қатысушылар тарапынан хабарламашыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале