3.06.2021, 11:42
Оқылды: 40

Қаратөбеде балалар қауіпсіздігіне арналған рейд жүргізілді

2 маусым күні Қаратөбе ауданында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясындағы «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты акция шеңберінде ашық люктердің болуы, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігін бақылау мақсатында рейд жүргізілді.
7704D75E-5F40-4088-BD9F-2CF58FE27070

Рейд барысында жазғы демалыс кезінде балалар көп жиналатын ойын алаңдарының, «Street workout» алаңдарының жазғы кезеңге дайындығы тексерілді. Сонымен қатар аудан орталығындағы бұрынғы су тарату мекемесі ескі ғимаратының орны тексерілді. Аталған нысандарда ескі ғимараттың адам өміріне қауіп төндіретін, бұзылған орындарын жөнге келтіріп, арнайы белгілер орнату туралы Қаратөбе ауылдық округі әкімдігіне тапсырмалар берілді.

FED51E8E-95A2-4E84-AE7E-F8FDA69209FD

Аулалардың жарықтандырылуы бойынша ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып, көше шамдары жеткілікті қойылған.

Рейд жұмысына «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Меңдешов, Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек Ақсұлтанов, Қаратөбе селолық округінің маманы Жасұлан Темірғалиевтер қатысты. 

 Серікбай Хасанов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале