Бүгін Қаратөбе ауданы орталығындағы Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында орналасқан №277 сайлау учаскесінде №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қаратөбе аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы таңғы сағат 7-де басталды.

Сайлаудың ашылу салтанатын №277 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Берікжан Ғарапшиев алғысөзімен ашты.

Ең алғаш болып ауыл ардагері Еркінбек Жәнібеков пен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ермек Сайнов дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.

Сайлауға «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен, «Дауыс» және «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінен байқаушылар қатысты.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Берікжан Ғарапшиевтің айтуынша сайлаушылар тізіміне 885 дауыс беруші тіркелген.
Ерболат Райсов
Қаратөбе ауданы