24.10.2023, 11:00
Оқылды: 16

Қаратөбеде электр торабының жаңа ғимараты ашылды

25 қазан - Республика күні қарсаңында Қаратөбе ауданының Қаратөбе электр торабының жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері» ЖШС бас директоры Қуат Мусин, Қаратөбе ауданының әкіміне үміткер Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов және Қаратөбе электр торабының ардагері Тілектес Төлеуұлы арнайы келіп қатысты.

Электр торабы (7)

Жиында арнайы сөз алған Қадыржан Орынбасарұлы келе жатқан Ұлттық мерекемен барша келген қонақты құттықтап, жаңа ғимараттың салынуына мұрындық болған «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері» ЖШС ұжымына алғысын білдірді.

Электр торабы (8)

Өз кезегінде сөз алған «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілері» ЖШС бас директоры Қуат Наурызұлы салтанатты жиынға қатысушыларды және барша аудан тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, жаңа ғимараттың кілтін табыс етті. Сонымен қатар Қаратөбе электр торабына қарда жүретін арнайы техника және байланыс құралдарын (рация) табыс етті.

Электр торабы (11)

Жаңа ғимараттың лентасын Қаратөбе электр торабының басшысы Хасанғали Мырзагерей мен электр торабының ардагері Тілектес Төлеуұлы қиды.

 

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале