3.05.2017, 18:10
Оқылды: 67

Қаратөбеде Эльмира Жаңабергенова концертін берді

Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымының кандидаты,  жыршы, термеші Эльмира Жаңабергенова аудан халқына арнап шығармашылық концертін ұсынды.


Дүлділ әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің «Досыма», Нұртуған жыраудың «Қанекей, тілім сөйлеші» термесі, сал Мұхиттың «Әнші дауысы» әндері қаратөбеліктердің мәртебесін жоғарылатып, желпіндіріп-ақ тастады.

Кеш барысында Эльмира Жаңабергенова авторлық әндері «Өмір өткелдері», «Ұлы менің қазағым» ән-термелерін орындады.

Шырқалған ән мен орындалған термелер екі сағаттай уақытқа созылған концерт жиылған жұрттың көңілін көтеріп, әдемі әсер қалдырды.

Өнер кешінде облыстық филармонияның әншілері Күләш Қуанышқалиева, Еркін Өтегеновтер әсем әннен шашу шашып, халықтың ықыласына бөленді.

 Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале