8.06.2022, 17:25
Оқылды: 47

Қаратөбеде еңбек жәрмеңкесі өтті

Маусымның 7-cі күні Қаратөбе ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
C5B6EEBA-C10B-4294-AEDD-3F7A9F88C8B5

Атаулы шараның ашылу салтанатында аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Маханбет Қажыгереев сөз сөйлеп, жәрмеңкеге қатысушы жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

Бұл бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - жұмысқа орналасушы жұмыссыздардың ашық және жариялы түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

  Жалпы осы жәрмеңкенің мақсаты оқу орындарын бітіріп келген  жас мамандарды еңбек жолына бағыттау, сонымен қатар түрлі себептермен жұмыстан қол үзіп, қазіргі уақытта мамандығына сәйкес  жұмыс іздеушілерге лайықты қызметінтауып, орналасуына көмектесу. Яғни жұмыс іздеушілермен жұмыс берушілерді бір-бірімен кездестіру, - дейді жұмыспен қамту орталығының басшысы Маханбет Маралұлы.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық пен кедейшілікті азайту - күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.

Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс іздеушілерауданда осындай еңбек жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылып тұрса, халықтың жұмысқа орналасуына бірден-бір мүмкіндік боларын айтады.

Аталмыш орталықтың бас маманы Жанаргүл Жылқышиеваның айтуынша, аталмыш жәрмеңкеге аудандағы 11 мекеме мен кәсіпорыннан және 9 шаруа қожалықтарынан бос жұмыс орындары ұсынылған. Ұсынылған бос жұмыс орындарына 11 адам жұмысқа орналасуға, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналасуға жолдама алған.

                                     Ерболат Райсов,

                                           Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

     

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале