Қаратөбе аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті.
Сессия отырысында «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №16-1 «2018-2020 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық окургтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.
– Аудандық бюджеттік комиссия отырысының 2018 жылғы 23 қазандағы №12 хаттамасы негізінде 2018-2020 жылға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюджетеріне төмендегіше өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.
2018 жылға Сулыкөл ауылдық округіне салықтық түсім 3 433 мың теңге, Қаратөбе ауылдық округінің кіріс бөлігіне 11 677 мың теңге жоспарланған болатын. Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының сұраныс хаты бойынша, аудандық кірістер басқармасының келісімімен салықтық түсімдер Қаратөбе ауылдық окрігінде 13 072 мың теңге, Сулыкөл ауылдық округіне 2 038 мың теңге деп белгіленді, - деді ауданның бас қаржыгері Берік Базарұлы.
Жиында аудандық мәслихат депутаты Әмірбек Жәнібеков Қаратөбе ауылы бойынша көше атауларын қайта жазып реттеу мәселесін көтерді.
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Жанат Асантаев:
– Екі округте де салықтық түсімі бойынша дұрыс болжам жасламағандығын көріп отырмыз. Атқарылатын жұмыстарға сай қос округтің бюджетіне өзгеріс енгізілуін бірауыздан құптағандарыңызға алғыс айтамын. Алдағы уақытта да қандай мәселе болмасын кеңесіп, бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін, - деді.
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!