26.10.2025, 13:00
Оқылды: 109

Қаратөбеде мәслихат сайлауы белсенді өтуде

Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 учаскелік сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, мәслихат депутаттарын сайлау қалыпты және ұйымдасқан түрде өтуде, дауыс берушілер қарқыны жоғары.

IMG_0377

Сайлау учаскесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-1-бабына сәйкес

кандидаттардың 3 сенім білдірген өкілі, «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінен 3 байқаушы, «AMANAT» партиясының Қаратөбе аудандық филиалынан 1 байқаушы, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалынан 1 байқаушы, «сондай-ақ «Қаратөбе өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тапсырмасымен 1 өкіл тіркеліп, өз жұмыстарын атқаруда.

Учаскелік сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау заңдылықтарының бұзылуы жөнінде кандидаттардың сенім білдірген өкілдері мен байқаушылар тарапынан немесе сайлаушылардан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ.

Сағат 10:00-дегі есеп бойынша, №277 сайлау учаскесінде тіркелген 885 сайлаушының 25,6 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Үйден дауыс беруге өтініш білдіргендердің саны — 5 адам.

Айта кетейік, мәслихат сайлауы Қаратөбе ауданының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өтіп жатыр. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын №5 округтік және №277 учаскелік сайлау комиссиялары қамтамасыз етуде.

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале