5.11.2021, 19:41
Оқылды: 13

Қаратөбеде меценаттар форумы өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданында «Жомарт жүрек» меценаттар форумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өткен шарада туған жерлеріне жанашырлық танытқан елжанды азаматтар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 19.34.28 

«Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау салтанатында сөз сөйлеген Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

– Қаратөбе ауданыңдағы оң істермен тың бастамаларға атсалысып, туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген атымтай жомарт азаматтар жетерлік.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 19.34.27

Ұлтты ұйыстырып, елді біріктіретін бағдарлама аясында келелі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы аясында күні бүгінге дейін құны – 149 млн 942 мың 109 теңгеге Қаратөбе ауданы бойынша 57 жоба іске асты. Атап айтар болсақ, аудан орталығындағы «Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи өлкетану музейі», Қалдығайты ауылында ауыл тұрғындары мен балаларға арналған «Street Workout» алаңы, құны 7 млн теңгеге спорт алаңы, елді мекендер жарықтанып, ауыл атауын көрсететін белгілер орнатылды және басқа да жобалар атқарылды. Алдағы уақытта  бағдарлама аясында ауқымды жобалар жүзеге асады деп есептеймін, - деді.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 19.34.35

Аталған форумда туған жеріне жанашырлық танытқан елжанды азаматтар түрлі аталым бойынша марапатталды. Игі істерді жүзеге асыруда шет қалмаған қаратөбелік азаматтарға аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы «Жомарт жүрек» сыйлығын салтанатты түрде табыстады.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 19.34.32

Елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарын, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін табысталатын «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» аталымымен «Жусандыой» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі Тұрхан Оспанов, Қаракөл ЖОББМ-нің 1991 жылғы түлектері, Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ-нің 2001 жылғы мектеп түлектері марапатталды.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 19.34.30 (1)

Белсенді азаматтық ұстанымы, туған жерде ірі әлеуметтік жобаларды және әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін табысталатын «Жыл меценаты» номинациясына БҚО ішкі істер саласының қызметкері Нұрбек Сағынбаев ие болды.

Форумда аудан дамуына үлес қосып жүрген меценаттар да аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттармен Үшана ауылының жастары, Қалдығайты орта мектебінің  2001 жылғы түлектері, Қаракөл орта мектебінің 2001 жылғы түлектері және Жусандыой ауылының азаматы Жайылхан Мәтжанов марапатталды.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале