4.06.2024, 14:30
Оқылды: 153

Қаратөбеде Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Қаратөбе ауданындағы орталық саябақта Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты салтанатты шара өткізілді.

DC77DC3F-8D5E-4F72-8688-DB3C48E1F3EB

Алаңға жиналған мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, белсенді жастар алдында тутұғырдағы Мемлекеттік ту жоғары көтеріліп, жанды дауыста Мемлекеттік гимн орындалды.

Тұрғындарды аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев айтулы мерекемен құттықтады.

374D7F45-0F0E-43E8-BBD2-811F6D83AACE

– 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні деп бекітілгені баршаға белгілі. Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып саналады. Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықты жалғайтын жарқын бейне ол – Мемлекеттік рәміздер. Ұлттың басты құндылығы ұлттық нышандармен тығыз байланысты. Атап өтер болсақ, Әнұран, Елтаңба, Ту бұл барлығы мемлекеттік рәміздерді айқындаушы күш. Баршаңызды Рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

418E5A89-19E8-49DD-8588-F8251291A2FE

Одан әрі аудан әкімі көктемгі су тасқыны кезінде тасқынның алдын алу жұмысына белсенді атсалысқан бірқатар жастарға алғысхат табыстады.

Мерекеге орай аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері ән шырқап, салтанатты шара соңы автошерумен аяқталды.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале