19.12.2024, 22:35
Оқылды: 672

Қаратөбеде өңірге белгілі өлкетанушы Қазбек Қабжановпен кездесу кеші өтті

Бүгін «Қойнауы тарихқа толы Қаратөбе» деген атаумен Қаратөбе аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде өңірге белгілі өлкетанушы, араб эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеуші, республикалық «Егеменді Қазақстан газетінің» Батыс Қазақстан облысы бойынша арнаулы тілшісі Қазбек Қабжановпен кездесу кеші өтті.

15837a31-88cb-4dbd-b808-f9a8377ee59d

Кездесу барысында Қазбек Құттымұратұлын қаратөбеліктерге таныстырған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы оның шығармашылық жұмысындағы жетістіктері мен ізденіспен атқарған зерттеу жұмыстары туралы айтып өтті.
Аталмыш танымдық іс-шараға аға ұрпақ өкілдері мен ауыл жастары қатысты.
Қазбек Құттымұратұлы бейнеролик арқылы қаратөбеліктерді өзінің зерттеу жұмыстары нәтижесінде анықтаған тарихи мәліметтерімен таныстырды.
Қазбек Қажбанов өңірдің және Қаратөбе ауданының тарихынан сыр шертетін тарихи мәліметтерге тоқталып, ең көне құлпы тастың Қаратөбеден анықталғанын айтты.

IMG_0047
Қазбек Құттымұратұлының таспа арқылы көрсеткен тарихи мәліметтерінде 1934 жылы Қаратөбе Жымпиты ауданының қарамағында болған. Содан 1935 жылы аудан қайта құрылып, оның құрамында 13568 халық болыпты. Осы сияқты 1941,1952,1953,1961 жылдардағы тарихи мәліметтер таныстырылды.
Бейноролик арқылы көрсетілген соңғы 1994 жылғы мәліметінде Қаратөбе ауданында 9 ауылдық кеңес, 29 ауыл болған.
Сонымен қатар Қ.Құттымұратұлы кезінде Қаратөбе ауданынан байлардың кәмпискеленуі туралы әңгімелеп, көне басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақстан», «Сары арқа» газеттерінде жарияланған деректер туралы сыр шертті.
Кездесу барысында Қазбек Қабжановқа аудан ақсақалдары Рысқали Исмурзин, Мәулен Қожахметов, Еркінбек Жәнібеков, Үмбетқали Бақтығалиев, Рамазан Қыдырашев Қаратөбенің тарихы турасында сауалдар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлының ізденіспен жүргізген шығармашылық жұмыстарына ризашылықтарын айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
– Қаратөбенің тарихы турасында жүргізген зерттеу жұмыстарыма осы жердің тумасы, көпшілікке кеңінен танымал болған өлкетенушы, ақын-жазушы, журналист Хасанов Қайыржан ағамның көп көмегі тиді.
Кім зерттеу жұмысын жүргізсе де, туған жер тарихын сол жердің перзентінің зерттегені тиімді болады. Өйткені зерттеушіге туған жерінің тарихы жақынырақ таныс болады, – дейді өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлы.
Танымдық тарихи іс-шараны қорытындылаған аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Әлібекұлы, кеш қонағы Қазбек Құттымұратұлына іс-шараға қатысушылар атынан алғысын білдіріп, тарихи-танымдық кешке қатысушылардың құнды тарихи мәліметтер алғанын жеткізді.

Ерболат Райсов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале