Ең жоғары 123 балды Назира Серікова жинады. Білім сынағының қорытындысында аудан бойынша орташа балл көрсеткіші – 75,73.
Қаратөбедегі №846 ҰБТ өткізу пунктінде өткен ҰБТ-ға 12 мектептен 123 талапкер қатысты. Екі аудиторияда тест тапсырушыларға барлық жағдай қарастырылды.
Қаратөбе ауданы бойынша ҰБТ-ға қатысқан 123 түлектің ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын оқу орнын таңдаған 14 оқушы Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы пәндерінен сынақ тапсырды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енген өзгерістеге байланысты түлектер бір жылда үш рет тестілеуге қатыса алады. Мемлекеттік грантқа үмітті талапкерлер үшін тест маусым айында өткізілетін болады.
Ажаргүл Әлиева,
Қаратөбе ауданы