«Nur Otan» партиясы ел тарихында алғаш рет партияішілік сайлауды праймериз ретінде, яғни жаңа форматта өткізгелі отыр. Бұл шешім қоғамның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, елдің дамуын талқылау үшін жасалып отыр.
Маңызды саяси науқанға орай Қаратөбе ауданында партияішілік праймеризге қатысушылар арасында дебат өтті.
«Nur Otan» партиясының белсенділері қатысқан шарада «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Партияішілік праймеризге Қаратөбе ауданынан 27 кандидат қатысуда.
Пікірсайысқа алғашқы болып қатысқан алты үміткер ереже бойынша бірінші бөлімде сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, одан соң бір-біріне сауал жолдап, жауап алысты.
Дебат кезінде бірінші болып сөйлеу жеребе суыру арқылы анықталды. Праймеризге қатысушылардың пікірсайысы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден де таратылды.
Партияішілік іріктеуге қатысушы қалған үміткерлердің пікірсайысы қыркүйектің 18-і, 22-сі, 24-і және 29-ы күндері өтетін болады.
Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz