19.04.2018, 11:46
Оқылды: 62

Қаратөбеде «Тегін киім» акциясы ұйымдастырылды

photo_33158Қаратөбе аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов бастаған топ «Тегін киім» акциясын ұйымдастырды.

Қарттар үйінен бастау алған акция, тұрмыс жағдайы төмен бірнеше отбасылардың үйін аралаумен жалғасты. Онда киімдер мен аяқ киімдер үлестірілді. Оның ішінде жаңа киімдер де бар. Ауыл адамдарына мұндай қамқорлық танытып, акция ұйымдастыруға ауданымыздағы кәсіпкерлердің ішіндегі жомарт жандардың өтініштері себеп болған. Олар мешіттің осындай сауапты істе қолұшын беріп, халықпен араға дәнекер болып, киімдерді үлестіруін өтінген. Ауданымызда осындай мәрт, қолы ашық басқа да жандар қамқорлық танытып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

Айтолқын Асқарқызы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале