25.09.2018, 10:24
Оқылды: 56

Қаратөбеде «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жалғасуда

 Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Қаратөбе колледжі студенттерімен бірлесіп «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізді.

IMG_5062

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына 37 студент қатысып белсенділік танытты.

Аталмыш акцияның басты мақсаты – азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Тұтынушы ретінде тауар, жұмыс және қызмет көрсетуде құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.

Жүргізілген акцияда халықтың ақшалай есеп айырысулары барысында қоғамның кез келген мүшесі тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу керектігін сала мамандары түсіндірді.

Әрбір тұтынушы өз құқығын біле отырып жасалған әрбір саудасына түбіртек талап еттетін болса бюджеттің басты көзі салық түсімі артатыны сөзсіз.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале