Қаратөбе ауданында ұйымдастырылған велошеруге қатысушы мекеме қызметкерлері, Қаратөбе колледжі студенттері аудан орталығындағы басты көшелердің бойымен ҚР Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып өтті.
90-ға жуық велошабандоз орталық алаңнан бастау алып, С.Датұлы, М.Нысанов, С.Құрманғазы көшелерін, жалпы ұзындығы - 3 шақырым жолды жүріп өтті.
- Бүгінгі шеруде еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, алып жүру құрметіне ие болғанымды мақтан тұтатын. Кең байтақ Отанымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық қарым-қатынас мені де қуантады. Ел абыройы асқақтап, даңқы арта берсін! – дейді велошеруге қатысушы «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мерей Амангелдиев.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz