Бүгін Қаратөбеде АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында аталмыш штаб мүшесі Еркінбек Жәнібеков АЭС-тің еліміздің электр қуатын арттырудағы маңызы туралы әңгімелеп, жан-жақты түсінік берді.
Аталмыш іс-шараға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Фариза Серік, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев қатысты.
Мұхит атындағы ОЖББМ мұғалімі Санжар Мұратов сөз алып, АЭС-тің маңыздылығымен қатар оның қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздігі турасында сауалдар қойды.
Өз ойын ортаға салған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Ғарапшиев:
«Қазан айының 6-сы күні елімізде өтетін референдумға белсене қатысып, әрқайсымыздың дауыс беруіміз маңызды. Сондықтан баршамыз референдумға қатысып, дауыс берейік», - деді.
Ерболат Мырзағұлұлы
Қаратөбе ауданы