25 ақпан күні Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Жақсылық жасап жарысайық!» атты футзалдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа барлығы 11 команда бойынша 90-ға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс мақсаты – Ақсай қаласының тұрғыны, кішкентай бөбек Шахмаров Эмир Талихұлының еміне қолұшын созу болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Жастар» командасы, ІІ орынды «Спорт мектебі» командасы, ІІІ орынды «Қоскөл» командасы иеленді.
Доп додасы барысында үлгілі ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен «Спорт клубы» командасы марапатталса, Ермахан Киікбаев «Үздік шабуылшы», Ақниет Ғаббасов «Үздік қақпашы», Мерхат Сұлтангереев «Үздік қорғаушы», Дастан Демегенұлы «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz