30.10.2018, 10:20
Оқылды: 121

Қаратөбеде жаңа әліпби емлесінің жобасы талқыланды

Қаратөбе ауданында қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша тіл емлесінің негізгі ережелерінің жобасын талқылау мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен семинар өтті.

IMG_7070

ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы Өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде сөз сөйлеген БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Света Ганиева емле ережелерін талқылау бағытындағы жиындар барлық аудандарда өткендігіне, латын графикасына көшуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға және жаңа әліпбиге қатысты көпшілік көкейіндегі мәселеге байланысты ақпараттарға тоқталып өтті.

Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасы бойынша филиология ғылымдарының кандидаты Ақзия Ниязғалиева әріптердің, түбір сөздердің, қосымшалардың жалғануы, бөлек және бірге жазылатын сөздердің емлесіне, сонымен қатар, дефиспен жазылатын сөздердің, қысқарған сөздердің емлесі мен кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесінің жобасы турасында нақты мысалдармен кеңінен түсінік берді.

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлының төрағалығымен өткен семинарға бөлім басшылары, кітапханашылар, барлық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және ауыл тұрғындары қатысты.

IMG_7068 IMG_7072

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале