14.02.2026, 14:30
Оқылды: 10

Қаратөбеде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Кеше Қаратөбе аудандық ауруханасында ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылау бағытында қоғам белсенділерімен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 17.55.55

Кездесуге төрағалық еткен Қаратөбе аудандық ауруханасының директоры Жасұлан Нұрахунов ұжымымға кездесуге келген қоғам белсенділерін таныстырып, сөз кезегін ұсынды.

Келелі кездесуде сөз алған «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Конституцияның жобасы халық арасында талқылануда. Ата заңның 77 бабына, заң мәтінінің 84 пайызына өзгерту енгізу, бір палаталы парламент құру сынды конституциялық жобасы ұсынылып отыр. Конституциямыз еміздің дамуына елеулі қызмет етеді деген сенімдеміз, - деді.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 17.55.55 (1)

Басқосуда өз пікірін білдірген аудандық «Қаратөбе өңір» газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов :

– Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – оның түсінікті тілі мен ұғынықты мазмұнында. Бұл негізгі заңдағы өзгерістерді қалың жұртшылықтың бірден қабылдауына және мәнін терең түсінуіне мүмкіндік береді, - деп Конституция жобасындағы негізгі өзгертулерге тоқталды.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале