7.06.2018, 14:13
Оқылды: 24

Қаратөбеде жәрмеңке арқылы 7 адам жұмысқа орналасты

Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жұмыс іздеушілерге арналған шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали  жұмыс іздеушілерге лайықты жұмыс табуларына, қызметке  орналасуларына тілектестігін жеткізді.

Жәрмеңкеде жұмыс беруші тарапынан 22 бос орын  ұсынылып, қорытындысында 7 адам тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Назира Жұмағалиева алдағы айларда  еңбек жәрмеңкесі  өткізетіндігін жұмыс іздеушілердің назарына салды.

Шарада жұмыс беруші мекемелердің басшылары жұмыс іздеушілерді қабылдап, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале