27.08.2018, 12:09
Оқылды: 29

Қаратөбеде жастар қозғалысы құрылды

Қаратөбе ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы құрылды.

Қаратөбе (3)

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының тұғырнамасында жастарға үнемі өздерінің қабілеттерін дамытып, жаңа білім көздерін меңгеруге, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіруге мән берген. Тек жан-жақты дамыған, білімді, еркін ойлай алатын жастардың арқасында ғана біздің еліміз дамудың даңғыл жолына түспек.

– Қадірменді жастар! Республикамызда құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының алғашқы қадамы құтты болсын! Елбасымыз «Ел болашағы – жастардың қолында» деп жастарға сеніп, қолдау танытып отыр. Сол себепті де, сіздер әлеуметтік ынтымақтың үлгісі болуларыңыз қажет. Еліміздің жаңғыруы – бұл, ең алдымен, жастардың сана сезімін қалыптастыру деп есептейміз, – деді аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан.

Аудан көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген Эльдар Ниязбекұлы, Ранида Рафикқызы, Әділ Рашитұлы, Аслан Есенұлы сынды жастар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиын барысында көпшіліктің қолдауымен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы болып Мерей Амангелдиев сайланып, сахна төріне жастар қозғалысының топ мүшелері көтерілді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

 Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале