Қазір баспасөзге жазылу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Маусым айының соңына дейін жалғасатын науқаннан қапы қалмай, Қаратөбе ауданы тарихымен тамырлас төл газетімізге қолдау білдірген Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевке алғыс білдіреміз.
Округ әкімі Жусандыой ауылындағы он тыл ардагерін аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне жаздырды.
Ғасырға жуық ғаламат кезең саралай отырсаңыз, көп дүниені көз алдыңызға жайып бермек. Бұл – Алашқа ана, талайға пана болған қасиетті өңірдің өмір бүлкілімен біте қайнасып жатқан қазыналы шежіре. Ендеше, ауылдың басқа әкімдері де игі істен құр қалмас!
Маралбек Амантаев
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер