Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың Қаратөбе ауданындағы жұмыс сапары басталды. Айта кетейік, бүгін аудан әкімі Жанат Асантаев жергілікті халық алдында есеп береді.
Өңір басшысының орынбасарлары Ғ.Оспанқұлов және Бибігүл Қонысбаева аудан орталығындағы бір пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жұмыстарымен танысты.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысы жұмыстарының жобалаушысы - «Жаңа жоба» ЖШС. Құрылыстың жалпы құны 134253 332 теңгені құрайды.
Бір пәтердің жалпы ауданы 88,70 м2 болмақ. Құрылыс өткен жылдың қыркүйек айында басталып, биыл наурыз айында аяқталады деп күтілуде.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан Ғ.Оспанқұлов оң бағасын берді.
Айта кетерлігі, ауданда өткен жыл ішінде «Сұңқар» ЖШС мердігерлік компаниясы тұрғызған 8 бір пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы
Суретке түсірген Айбатыр Нұраш