Облыстағы іргелі білім ордаларының бірі боп саналатын Қаратөбе мектеп-гимназиясына аялдаған облыс әкімінің орынбасарлары Ғабидолла Оспанқұлов, Бибігүл Қонысбаева ұлағат ұясының бүгінгі тыныс-тіршілімен танысты.
Білім ордасында жаңаша білім беру мазмұнына сай спиральды оқыту жүйесі негізінде үш тіл (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) бір тақырыпты қамтиды.
Мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу-тәрбие процесіндегі «Қоғамға қызмет», «100 кітап», «Қазақтың 100 әні» жобаларын басшылыққа алады.
Мектеп-гимназиядағы білім алушы 282 оқушыға 57 мұғалім сабақ береді.
Сабақ 5 күндікте екі ауысымда оқытылады. Бірінші ауысымда оқу үрдісі жүзеге асырылады, екінші ауысымда қосымша білім беру жұмыстары жүргізіледі, - дейді мектеп-гимназия директоры Мираш Спортқызы.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы
Суретке түсірген Айбатыр Нұраш