17.04.2024, 15:33
Оқылды: 60

Қаратөбеге гуманитарлық көмек жетті

Батыс Қазақстан облысы Футбол федерациясының Президенті Ғайса Қапаков, аталмыш федерацияның Вице Президенті Рашид Хуснутдинов, футбол ардагері, футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Александр Любимкин, Астана самбо федерациясының Президенті Мүсілім Оңдағанов тасқын судан зардап шеккен аққозылықтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ГАЗель автокөлігімен 2 тоннадай түрлі азық-түлік әкелді.

Гуманитарлық көмек 3

Батыс Қазақстан облысының Футбол федерациясының Президенті Ғайса Хамидоллаұлы бастаған ағайындарды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев қарсы алып, Батыс Қазақстан футбол федерациясының және Астана самбо федерациясының ізгілікті істеріне ризашылықтарын білдірді. Келген азық-түлікті су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге гуманитарлық көмекті қабылдау пунктінің өкілі қабылдап алды.

Гуманитарлық көмек 5

– Қазір облыс орталығында су тасқынына қарсы қызу жұмыстар жүріп жатыр. Сіздердің ауданыңыздағы тұрғын үйлерін тасқын су шайып кеткен Аққозы ауылының тұрғындарына көмек көрсетуді қолға алып, түрлі азық-түліктер алып келдік. Осындай қиын кезеңдерде ауылдағы ағайындарға қол ұшын беру біздің парызымыз, -деді Ғайса Хамидоллаұлы.

Ерболат Райсов, 

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале