11.02.2021, 19:38
Оқылды: 1

Қаратөбелік 59 оқушыға 1,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген

Былтыр эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқу процесі дәстүрлі және онлайн форматта жүргізілді.

Слайд16

- Үкіметтің резервтік қорынан әлеуметтік осал санаттағы балаларды (аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар) қамтамасыз ету үшін 400 ноутбук, 120 компьютер мен 110 планшет алынса, жергілікті бюджеттен үнемделген қаражат есебінен 100 ноутбук сатылып алынды.

«Мектепке жол» акциясы аясында 59 оқушыға 1,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді (5 планшет, 24 ұялы телефон, 10 USB адаптер, 17 роутер, 3 отбасына Отау TV орнатылды).

Аталмыш шара аясында оқушыларымызға көмектерін берген аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалығы басшыларына алғысымды білдіремін.

Балалардың қауіпсіздігін, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету мақсатында (12 мектеп о/б - 41,2 млн. тг, 2 мектеп м/б-6,5 млн. тг) барлық мектептерде ішкі дәретханалар орнатылды.

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында Қалдығайты жалпы орта білім беру мектебінің ғимаратына (283,1 млн. тг), «Қаратөбе мектеп-гимназиясының» (41,5 млн. тг) және Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің (29,9 млн. тг) жертөлелеріне күрде жөндеу жүргізілді, - дейді аудан басшысы Жанат Асантаев.

«Қаратөбе өңірі»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале