Бүгін таңғы сағат 8.00-де Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы орта мектебінде орналасқан 846 ҰБТ өткізу пунктінде аудан мектептерінің талапкерлері ҰБТ сынағын тапсыруды бастады.
Аудан бойынша ҰБТ тапсыруға ниет еткен 117 талапкердің 114-і тест сынағынан өтуде.
ҰБТ ашылу салтанатында комиссия төрайымы Мәжитова Сәуле Серікқызы, аудан әкімінің орынбасары Өмірзақов Сатқан Ержанұлы жас түлектерге сәттілік тіледі.
Тест тапсырушылар 2 аудиторияға бөлінді. Енді түлектер алдында білім сынағы тұр. Балаларының ақ тілектерін тілеуші ата-аналар мен ұстаздар қауымы талапкерлердің сынақтан сүрінбей, жақсы өтуіне сәттілік тіледі.
Сәтті қадам болсын, жас талапкер!
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz