Қаратөбе ауданы бойынша 19 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеуде. Аталған учаскелерде дауыс беруге құқығы бар 8045 азамат тіркелген.

Қаратөбе ауданындағы №278 «Жаңа қоныс» референдум учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды. Республикалық референдумның ашылу салтанатын №278 референдум учаскесінің төрағасы Айбат Омаров алғысөзімен ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, дауыс беру ашық деп жарияланды. Ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Маулен Қожахметов ағамыз рефрендум учаскесіне келіп, ең алғаш болып дауыс берді.

Республикалық референдумге түрлі қоғамдық бірлестіктерден, атап айтқанда «Дауыс» қоғамдық бірлестігінен 2 байқаушы, «АMANAT» партиясынан 1 байқаушы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы