5.06.2022, 9:55
Оқылды: 66

Қаратөбеліктер референдумға қатысып, таңдауларын жасауда

Бүгін жалпыхалықтық референдумға орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №278 Жаңақоныс сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.
IMG_4054

Референдумның ашылу салтанатында әнұранымыз орындалып, егде сайлаушы Батырғали Тойшыбаев сөз сөйледі.

IMG_4039

Қаратөбе ауылдық округіне қарасты №278 Жаңақоныс сайлау учаскесінің төрағасы Айбат Омаровтың айтуынша, учаскеге 1100 сайлаушы тіркелген. Референдумның өту барысын бақылауға «AMANAT» партиясынан және қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар қатысуда. Ертемен келіп дауыс берген тұрғындарға сыйлықтар да берілді.

Жалпы Қаратөбе ауданы бойынша 19 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Аудандағы сайлаушылар саны 8965 адамды құрап отыр.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале