Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Саяси маңызды науқанға орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден жұмысын бастап, алдымен Мемлекеттік Гимн орындалды. Сайлау учаскесіне таңнан бастап келген сайлаушылар таңдауларын жасап, дауыс беруде.
Қаратөбе ауылдық округіне қарасты №277 сайлау учаскесінің төрағасы Берікжан Ғарапшиевтің айтуынша, учаскеге 857 сайлаушы тіркелген. Үйден дауыс беруге өтініш бергендер 14 адам.
Сайлау учаскесіне ертемен келіп алғаш дауыс берген ауыл тұрғыны Еркінбек Жәнібековке сыйлық табысталды.
Сайлаудың өту барысын бақылауға түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз бақылаушылар қатысып отыр.
Жалпы Қаратөбе ауданы бойынша 19 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Аудандағы сайлаушылар саны 8318 адам.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz