15.03.2026, 8:53
Оқылды: 15

Қаратөбеліктер таңдауларын жасауда

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтуде. Осыған орай Қаратөбе ауданының орталығындағы №277 Қаратөбе референдум учаскесінде таңғы сағат 7:00-ден бастап тұрғындар өз таңдауларын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуда.

a5164cd9-3045-4e63-965c-f34984c8e255

Референдум учаскесінің ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Салтанатты жиында №277 референдум учаскесінің төрағасы Берікжан Ғарапшиев сөз сөйлеп, дауыс берушілерге сәттілік тілеп, бұл күннің ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған учаскеде барлығы 1416 дауыс беруші тіркелген.
Таңсәріден дауыс беруге келген тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалды. Солардың бірі – қаратөбелік тұрғын Бейбіт Сағынғалиев. Ол референдумға алғашқылардың бірі болып қатысып, өз таңдауын жасады.

61fee763-165a-4a9d-bf49-a6d593e1df80
Жалпы, учаскеде дауыс беру жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық жағдай жасалған. Қаратөбелік тұрғындар ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуда.

Р.Абай

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале