6.01.2023, 11:00
Оқылды: 56

Қаратөбеліктер үміткерлермен кездесті

2023 жыл ел үшін маңызды саяси оқиғамен бастау алуда. 14 қаңтар күні ҚР Парламентінің Сенатына депутаттарды сайлау өтеді.

Кеше Сенат қабырғасына Батыс Қазақстан облысы атынан үміткерлер Қаратөбе ауданындағы сайлаушыларымен кездесті.

1

Жиынды Қаратөбе аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Меңдешов жүргізді.

Өңір атынан Сенатқа 3 азаматтың кандидатурасы тіркелген. Бірі - педагог, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов. Ақылбек Ұзақбайұлы өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өңірді өмірге қолайлау, әлеуметтік бағдарлау мәселелерін қамтыған. Сонымен, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты ретінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, қауіпсіздігін арттыру жайында ұсыныстарын айтты.

3

Кандидат Айболат Құрымбаев өңір тарихшысы,  өлкетанушы, экология жанашыры ретінде кеңінен танымал. Айболат Шамұратұлы сайлауалды бағдарламасына нақты мәселелерді енгізген.

Жұртшылық Парламенттің үстіңгі палатасына үнімізді жеткізеді деп үміт артқан тұлға - Арман Өтеғұлов. Арман Кәрімұлы ауданда басшылық еткен кездері ауылшаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлді. Кездесуде Арман Кәрімұлы ауылды дамытуға арналған бағдарламалар туралы кеңінен әңгімеледі.

2

ҚР Парламентінің Сенаты депутаттығына кандидаттар аудан орталығындағы Қ.Хасанов және Алаш тарихи-өлкетану музейінде болып, музейдегі жәдігерлермен танысты.

 

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале