24.07.2017, 10:41
Оқылды: 74

Қаратөбенің 5 ауылына сапалы ауыз су тартылуда

Karatobe auiz su  Бұдан әрі аудан басшысы Жанат Асылханұлы Қаратөбе ауданы су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жұмысымен танысты.

   Қазіргі уақытта Үшана ауылынан басталған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділігін арттыру, жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңге.

   Бас мердігер «KazConstructionGroup» ЖШС (бас директор Мұратбек Мұхамбедиев) жүргізіп отырған сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары бойынша Қаратөбе ауылынан Үшана ауылына дейінгі аралықтағы жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы ұзындығы 54 шақырымға жуықтайтын жоба негізінде Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл және Үшана ауылдарына таза да сапалы ауыз су жеткізілетін болады. Құрылыс мерзімі 9 ай аралықты қамтиды.

   - Бүгінгі таңда сумен жабдықтау жүйесі құрылысының 50 пайызы бітіп тұр. Шөптікөл мен Сулыкөл ауылдарында (Су сақтау), қалған Үшағаш, Соналы, Үшана ауылдарына (Су сақтау) орнатып, жобаны уақытында орындайтын боламыз, - дейді мердігерлер.

   Үшана ауылындағы ұлағат ұясында болған аудан басшысы білім ордасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мұғалімдерге сәттілік тілеп, балабақша мен мәдениет үйіне ат басын бұрды.

   Елбасының биылғы Жолдауында көтерілген мәселелерді  жүзеге асыру, ауылда тазалықты, тәртіпті сақтау, кәсіпкерлік қызметті жүйеге келтіру мәселелері де аудан басшысының назарынан тыс қалмады.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале